Ассоциация жайлы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектері Ассоциациясы қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ негізінде жұмыс жасайды.
Ассоциацияның мақсаты:
- нарықтық экономиканы есепке ала отырып, университет мамандықтарының даму перспективасын айқындау, анықтау;
- университеттің әлеуметтік-бағдарлық, әріптестік қатынастарын қолдау мен дамыту механизмін биліктің атқару жүйелерін, жұмыс берушілермен және кәсіпкерлікпен кіші бизнесті қолдау және дамыту аясында бірлесе отырып жүзеге асыру;
- жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету;
- нарықтық экономика жағдайында сұранысқа ие кәсіпкер мамандарды дайындау;
- инновациялық және жаңа үнемді жобаларды жасау және оларды енгізу.
Серіктестік туралы ұсыныстар портфолиосы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің өзара тиімді шарттары
ОҚМУ-і тарапынан:
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектерінің "Біздің университеттің мақтанышы" атты альбомын шығару;
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектерінің Галереясын жасау;
- ОҚМУ-нің "Университет" баспасында түлектердің жеке жетістіктерін, ғылыми ізденістер жайлы мақалалар жариялау;
- Түлектердің келбетін (имидж) қолдау, (республикалық, облыстық журналдарда, телевизиялық дәстүрлерде) олар туралы мәліметтер жариялау;
- ОҚМУ-нің "Құрмет грамотасымен" марапатталуға құқылы болу;
- ОҚМУ-нің құрметті академиялық профессоры дәрежесін беру;
- Кәсіби шеберлік бойынша ашық лекциялар өту;
- "Бас жұмыс орындары жәрмеңкесін" өткізу;
- Өндіріс орындарында енгізу үшін ғылыми жобалар жәрмеңкесін өткізу;
- ОҚМУ ғалымдарының ғылыми жобаларында қатысу мүмкіншілігін беру;
- Түрлі іс-шаралар өткізу үшін университеттің "Акт залын" ақысыз (тегін) ұсыну (480 орындық);
- Кітапхана, диссертациялық зал, ғылыми-зерттеужұмыстарының есеп қоры және интернет қызметтерін тегін пайдалану.
Түлектер тарапынан:
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін үгіт-насихаттау;
- Ассоциацияның қызметіне қатысты кез-келген мәселелерді талқылау;
- Университет баспаларында ғылыми-мақалаларын, жарнамаларын жариялау;
- Университетке демеушілік көмек көрсету;
- Бітірушілерді жұмысқа орналастыру шараларына (мүмкіндігінше) қатысу, ат салысу;
Студенттердің кәсіби іс-тәжірибе базасын кеңейтуде (мүмкіндігінше) көмек көрсету.