Түлектер галереясы

Бишімбаев Уалихан Қозыкеұлы

   Уалихан Қозыкеұлы Бишімбаев – М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, әрдайым уақытпен қатар ғана жүрмей, көбінесе алдында жүреді.

Академик У.Қ.Бишімбаев қоршаған ортаны қорғау және табиғат атериалдар саласы бойынша отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ірі ғалым, талантты педагог, ғыресурстарын тиімді пайдалану, құрылыс және силикатты млым мен жоғары білім берудегі орны бар қайраткер. У.Қ Бишімбаев ОҚМУ-ға оқытудың кредиттік жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы, оқу-ғылыми-өндірістік кешендер құру, сапа менеджмент жүйесін ендіру сияқты алдыңғы қатарлы оқыту технологияларын енгізудің  бастаушысы болды. Осындай қызметтерінің нәтижесінде университет Қазақстан ЖОО-ры рейтингісі бойынша 3-ші орынды иеленді және У.Қ.Бишімбаевқа 2006 және 2007 жылдары «ЖОО ең үздік ректоры» номинациясы берілді.

Отандық ғылымды дамыту, жоғары білікті кадрларды дайындау мен қоғамдық жетістіктері үшін У.Қ.Бишімбаевқа «ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері», «ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атақтары берілген. «Парасат», «Құрмет белгісі», «Құрмет» орденімен «Астана», «Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығы», А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен, «ҚР білім беру үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстанның құрметті инженері» белгілерімен марапатталған.

Айткулов Досмурат Кызылбиевич

Айтқұлов Досмұрат Қызылбиұлы – Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жоғарғы білім саласында кафедра инженерінен бастап барлық дерлік қызмет сатысынан өтіп университет ректоры және ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент басшысы лауазымдарын атқарған.
1990 жылы 05.16.03-«Түсті және сирек кездесетін металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады, 2001 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
2003 жылы ақпан айынан мемлекеттік ЖОО-ның филиалдары негізінде құрылған «Балқаш» білім беру концорциумының атқарушы директоры, 2003 маусымынан «Балқаш гуманитарлық-техникалық институты» (кейінгі «университеті») АҚ ректоры. 2004 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 2006 жылы Мәскеу қаласында халықаралық инженерлік академиясының академигі, 2008 жылы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.
185 аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 5 ғылыми монографияның, 4 оқу құралының, 17 авторлық куәлігі, ҚР патенттерінің авторы. 2004-2010 жылдары кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалатын арнайы Кеңес мүшесі болды. 2006 жылы «Халықаралық инженер-педагог» құрметті атағы беріліп халықаралық регистрге енгізілген.
2007-2012 жылдары Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды. 2014 жылғы тамыз айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы бақылау кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2014-2016 жылдары ғылыми-инновациалық жобалардың тиімділігін және ғылыми-педагог мамандарды даялауды жақсарту жөніндегі республикалық сараптау тобының мүшесі, жетекшісі болды. «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебінде және Сингапур университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен Назарбаев университеті мемлекеттік саясат жөніндегі Жоғарғы мектебінің ҚР мемлекеттік басшы лауазымдағы қызметкерлерге арналған бағдарламамен тәлім алды.
2007 ж. - А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен, 2008ж. - Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие. 2005ж. - ҚР президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, , 2010ж. -«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және 2011ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2008 жылы Ұлыбритания елінде Оксфорд қаласында «Объединенная Европа» халықаралық марапатымен, 2016 ж. – «Отандық тау-кен металлургия саласына қосқан зор үлесі үшін» академик А.Күленов атындағы медалімен марапатталған.
2014 жылғы маусым айынан Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректор аппараты басшысы, 2016 жылғы қаңтардан бастап еліміздегі ірі ғылыми зерттеу орталығы - Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты директоры орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жылкышиев Болат Абжаппарулы

ҚазХТИ-ң 1979 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің сенаторы

Тшанов Амалбек Козыбакович

1943 жылдың 4 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қара-Сора ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-механик, ал 1979 жылы ҚМБмКӨ мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы-технолог біліктілігін алған. Еңбек жолын мектепте лаборант қызметінен бастады. 1968 жылдан 1992 жылдар аралығында Шымкент облысы құрылыс материалдары, бұйымдары мен кострукцияларын өндіру кәсіпорындарында шебер, диспечер, инженер, бас технолог, директор қызметтерін атқарды. 1990 жылы он екінші шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғары кеңесі депутаты болып сайланып, құрылыс және сәулет жөніндегі комитеттің мүшесі болды, 1992-94 жылдары Шымкент қаласы әкімшілігінің басшысы болды.
1994 жылы он үшінші шақырылымдағы Жоғары Кеңестің депутаты болып сайланып, Қазақсан Республикасы Жоғары Кеңесінің өндіріс, энергетика және байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1994-95 жылдар аралығында құрылыс, тұрғын үй министрі, 1995 жылдан 1998 жылдар аралығында Жамбыл облысының Әкімі, 1999 жылдан 2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметтерінде жұмыс істеді.
А.К. Тшанов ҚР құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру саласының дамуына елеулі үлес қосты. Еселі еңбегі үшін «Құрмет белгісі» (1986ж.) және «Курмет» (2001ж.) ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Коституциясына 10 жыл» (2005ж.) және «Астанға 10 жыл» (2008ж.) медальдарымен, «ҚР білім беру саласының үздігі» (1996ж.), «Ы.Алтырсарин» (2010ж.) төс белгілерімен марапатталған. «Тараз мемлекеттік университеті және Оңтүстік-Қазақстан техникалық университетінің құрметті профессорлары» құрмет атақтарына ие. Оңтүстік-Қазақстан облысы мен Шымкент қалаларының құрметті азаматы. ҚР бокс бойынша еңбек сіңірген бапкері. «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы. Қазіргі таңда Республикалық спорт колледжінің қызмтін атқаруда.

Сарсенов Нурдаулет Жумагулович

ҚазХТИ-ң 1979 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаты.

Каланова Шолпан Муртазовна

ҚазХТИ-ң 1971 жылғы түлегі, п.ғ.д., профессор, ҚР БжҒМ департаментінің директор орынбасары.

Ергешов Розмат Байташевич

1952 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
1977 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын Құрылыс материалдар, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі таңда ҚР Премьер министрі Кеңсесінің мәдени-әлеуметтік даму Бөлімі, ғылым және инновациялық даму секторы меңгерушісі болып жұмыс істейді. ҚР ҰИА корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор. 150 астам ғылыми басылмдар, оның ішінде 2 монография, 30 өнертапқыштық пен патенттердің авторы. 5 ғылым кандидаттары мен докторларын дайындаған.
Ғылыми бағыты – жергілікті шикізаттар мен өндіріс қалдықтары негізінде қажетті қасиеттері бар жаңа модификацияланған құрылыс материалдарын жасау, сонымен бірге кешенді модификаторлар, құрғақ құрылыс араласпалары, ұсақтүйіршікті бетондар және көбіктібетондар.

Сайбулатов Самаркан Жекебаевич

ҚазХТИ-ң 1964 жылғы түлегі,т.ғ.д., профессор, ҚР ИА академигі, 2003 жылғы ҚР Мемлекеттік премиясының Лауреаты.

Сулейменов Жусупбек Таширбаевич

 ҚазХТИ-ң 1971 жылғы түлегі, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мушесі, 1992-1998 ж.ж. ДГМСИ ректоры.

Бультаев Куанышбек Кульбаевич

ҚазХТИ-ң 1971 жылғы түлегі, ҚР Сенат Парламентінің депутаты.

Тулеметов Куаныш Тулеметович

ҚазХТИ-ң 1961 жылғы түлегі,  ҚР Мажіліс Парламентінің депутаты.

Уркумбаев Марс Фазылович

ҚазХТИ-ң 1971 жылғы түлегі,  ХИА академигі, т.ғ.д., профессор, 1994 ж. ҚР экономика Министірі, «Казфосфор» прежиденті.

Дербисалиев Абсаттар Багисбаевич

1969 жылғы М.Ауезов атындағы Педагогикалық институтының түлегі,ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА ЖМ академигі, Қазақстан бас муфтиі.

Журинов Мурат Журинович

ҚазХТИ-ң 1964 жылғы түлегі, 1995-1997 ж.ж. ҚР білім Министірі, х.ғ.д., профессор, академик, ҚР ҰҒА Президенті, ҚР ҰҒА органикалық катализ және электрохимия ҒЗИ директоры.

Юсупова Алия

ОҚМУ-ң 2006 жылғы түлегі, Азияның абсолюттік чемпионы, көркем гимнастика бойынша көптеген халықаралық спорт жарыстарының жеңімпазы мен жүлдегері,  Афина-2004ж. және Пекин-2008ж. олимпияда ойындарына қатысқан.

Ахметов Бахыт

Ауыр атлетика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері,ҚР құрама командасының мүшесі, Азия чемпионы, 2003 жылғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.

Хромова Татьяна

Ауыр атлетика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пусандағы Азия ойындарының күміс жүлдегері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2003 жылғы Әлем чемпионы.

Довгун Ольга

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,ҚР құрама командасының мүшесі, 2002 жылғы Әлем чемпионы.

Ескендир Хасангалиев

Әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдени институтының 1975 жылғы түлегі, ҚР Халық әртісі.

Габдиев Рысбай Хисметулы

Әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдени институтының 1976 жылғы түлегі, ҚР Халық әртісі.

Марат Омаров

Әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдени институтының түлегі, ҚР Еңбек сіңрген әртісі.

Ескалиева Нагима Кабыловна

Әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдени институтының 1983 жылғы түлегі, ҚР Халық әртісі, «Золотой Орфей» халықаралық конкурсының және ҚазССР Ленин комсомолының Лауреаты.

Султанов Женисбай Абдыкаримович

ҚазХТИ-ң 1968 жылғы түлегі, з.ғ.д., ҚР ҰЭА академигі,  милиция генерал-майоры, 1993-1997 ж.ж.  обл. ІІД бастығы.

Раманкулов Мирхайдар

ҚазХТИ-ң 1964 жылғы түлегі, СССР МҚК генерал-майоры.

Кабденов Талап Кабденович

ҚазХТИ-ң 1968 жылғы түлегі, отставкадағы милиция генерал-майоры, құқықтану доценті,  МАИ академигі.

Турысбеков Заутбек Каусбекович

ҚазХТИ-ң 1974 жылғы түлегі, ҚР мемелекеттік қызметтер жөніндегі Агенттіктің председателі (1999-2003 г.г.), 2003 жылдан ҚР ішкі істер Министірі.

Сабден Оразалы Сабденович

Сабден Оразалы Сабденович – экономист, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы.
1970 жылы қазақ химико-технологический институтты бітірді. 1973 жылға дейін өнеркәсіпте инженерлік лауазымдарда жұмыс істеді. 1973-1986 жылы – инженер, аға экономист, қазақ сср ғылымының академиясының экономикасының институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, кейін 1987 жылға дейін - СССР ғылымының академиясының экономикасының институтының ғылыми қызметкері. Қазақстанның (1987-1990) ғылымының академиясының экономикасының институтының аға, басты ғылыми қызметкері
1989 жылы «Өнімділікті басқаруды жөндеудің экономикалық мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады
2006 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының директоры.
1992 жылдан бастап – Халықаралық инженерлік академияның академигі және Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің ғылым академиясының академигі және Жоғарғы мектептің Халықаралық ғылым академиясы (1996); «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі (1998); Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009).
«ТжКБ жеделдету жағдайында жөндеу өндірісін басқару» (1988 ж.), «Шағын кәсіпорындар: тәжірибе және даму перспективалары» (1991 ж.), «Нарықтық жағдайда ғылыми және ғылыми-техникалық саясат: парламентшілердің көзімен» (1992), «Ғылым. Білім беру «Нарықтық экономика» (1994), «ХХІ ғасырдың кезіндегі өтпелі кезеңнің экономикалық саясаты» (1997), «Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін ... не істеу керек» (2000), «Нарықтық экономика: оқулық» (2002 ж. авторлас) «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының қаржы-несие қызметін реттеу: мәселелері мен келешегі» (2003, авторлас автор);
«Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономиканың дамуының тұжырымдамалық негіздері» циклі құрамына 11 монография кіреді, оның ішінде ел экономикасын реформалаудың әртүрлі аспектілері бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
450-ден астам ғылыми мақалалар авторы.

Ахметов Нұржан Мейрамбайұлы

ҚазХТИ-ң 1989 жылғы түлегі,

Қызылорда облысының Жаңа қорған аудандық электр желілер бастығы.

Пірімқұлов Ерлан Ноғайбекұлы

ҚазХТИ-ң 1989  жылғы түлегі,

Электр жүйесі басқармасының бас энергетигі Шымкент қ.

Нысанов Айдар Ержанұлы

ҚазХТИ-ң 1993 жылғы түлегі,

«Cotton Plant Kz» директоры

Чэнь Цао

ҚазХТИ-ң 1993 жылғы түлегі,

ЖШС Транспорттық компаниясының Бас  директоры «НИМЭКС-Транс» Шымкент қ.

Аширов Бахыт Мырзаханұлы

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң 2000 жылғы түлегі,

«Mega Center Shymkent» АҚ  Бас инженер. Шымкент қ.

Пазлиев Ботирхан Ботаханұлы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң 2009 жылғы түлегі,  ЖШС "Таврида Электрик Астана"  директоры.  Шымкент қ.

Аубакирова Айман Акжолтайқызы

 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң 2009жылғы түлегі, Х.А. Иассауй атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінде декан орынбасары